Блогер DARICORN-ның басы дауға қалды: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
2189

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті блогер Дарикорнның видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желілерде баласының құқықтары бұзылғанын мәлімдеген ананың видеоүндеуі тарады. 

Бұл — танымал блогерлердің бірі жариялаған, кәмелетке толмаған баланың қатысуымен түсірілген бейнематериал. Аталған жағдай бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жедел шаралар қабылдады. Комитет төрағасы Насымжан Оспанова баланың анасымен тікелей байланысқа шығып, жан-жақты көмек көрсету ұсынылды — психологиялық және заңгерлік көмек қарастырылды. Қажет болған жағдайда Комитет баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ресми түрде сот процесіне қатысуға дайын, - делінген мәлімдемеде.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес, кез келген адамның, соның ішінде баланың бейнесін жариялау тек оның немесе заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға сәйкес, баланың бейнесі шектеулі қолжетімді дербес деректерге жатады және заңмен қорғалады.

Комитет барлық блогерлерді, инфлюенсерлерді және медиа саласының қатысушыларын балалардың құқықтарын сақтауға және қолданыстағы заңнаманы қатаң ұстануға шақырады. Ниет жақсы болған жағдайда да, балалар қатысқан контентті жариялау олардың психологиялық жай-күйіне теріс әсер етіп, құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...