«Мен мына киіммен үй жинаймын»: Мақпал Жүнісова мен Айдана Меденованың арасында дау туындады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
120

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова "Кешью" тобының бұрынғы солисі Айдана Меденованың сахналық образын аямай сынап тастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мақпал Жүнісоваға Меденованың сахналық  жабысқан киімі ұнамай қалған. 

"Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын", деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншінің пікірін ұнатып, мыңдаған лайк басқан.  

Айдана Меденова – қазақстандық эстрада әншісі, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі. Ол 1991 жылы 28 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген.

Айдана өнерлі отбасында тәрбиеленген. Бала кезінен музыкамен айналысып, фортепиано мен скрипкада ойнауды меңгерген. 2012 жылы «КешYOU» тобының негізгі құрамына қабылданып, Жанар Дұғалова және Кәмшат Жолдыбаевамен бірге өнер көрсетті. Бұл құрам кейін топтың «алтын құрамы» атанды.

2015 жылы топтан кетіп, жеке шығармашылық жолын бастады. «Су», «Тек шыда», «Сағындың ба» секілді әндері тыңдарман арасында танымал болды. Сонымен қатар, «Сұлу бойжеткен» мюзиклі мен «Ғашық жүрек» телехикасына қатысты.

Бірнеше жылдық шығармашылық үзілістен кейін, 2026 жылы сахнаға қайта оралып, жаңа әндерін ұсына бастады. 

 

СПОРТ

Испаниялық «Барселона» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турында Әзербайжан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Анықталғандай белгісіз біреулер ер адамға банк қызметкері болып хабарласып, ақшасын «қауіпсіз...