«Өтінішімді қабыл алмады»: Баян Алагөзова Ирина Кайратовна тобына өкпесін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
3128

Белгілі продюсер Баян Алагөзова танымал топ Ирина Кайратовнаға бірге ән жазуды ұсынды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Продюсер Баян Мақсатқызы KeshYou тобымен бірге ән жазуға келіспеген қазақстандық Ирина Кайратовна тобының жігіттеріне өкпесін айтты.

Баян Алагөзова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Ирина Каратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартты. Бірақ мен үмітімді үзбеймін, талантты адамдармен жұмыс істеу оңай болмаған, ал олармен келісімге келу одан да қиын… Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы! Снуп Дог бір жыл ойланды, сосын оған қатты ұнап қалды. Барлық қыздардан құралған топ мұны басынан өткізді, біз төзімдіміз, қырсықпыз, сұлумыз, таланттымыз және үнемі бір толқындамыз! Үш күннен кейін хабарласамын», – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram желісіндегі парақшасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...