Осыдан тура бір жыл бұрын Атырауда тұратын Нұргүл Зиханова есімді келіншек телеарналардың біріндегі...
“Маған тұрмысқа шығатын қыз жоқ сияқты”: Димаштың ата-анасы қалай танысқандарын айтты
Фото: әлеуметтік желіден
Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің әкесі сүйікті жарымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Қазақстанның халық әртісі Қанат Айтбаев «Бенефис-шоу» бағдарламасында жұбайы Светланамен танысуы қызық оқиға болғанын, бастан-ақ шығармашылыққа жақын жанды іздегенін айтқан.
«Светамен таныстығым қызық оқиға болды. Өнердің ішінде жүрген соң, болашақ жарым да мені түсінетін, шығармашылыққа жақын жан болса екен деп армандайтынмын. Университеттегі құрбыларыма қалжыңдап: “Араларыңда маған тұрмысқа шығатын қыз жоқ сияқты, себебі ешқайсың ән айтпайсыңдар”, – деп айтып жүретінмін», – деп бастады әңгімесін Қанат Айтбаев.
Димаштың ата-анасының таныстығы байқауда бақ сынаған ару мен қазылық еткен төре жігіт болудан басталған екен. Қанат мырза өзі екінші курста оқып жүргенде жары Светлана Төлемісова білім алған оқу орны «Қыз сыны» байқауына төрелік етуге бір топ жігітті шақырған. Арасында Қанат Айтбаев та болған.
«Байқауға қатысқан қыздардың бәрі әдемі еді. Біз Светаға екінші орын бердік. Арада он шақты күн өткен соң, теледидардан облыстық “Қыз сыны” байқауының бас жүлдесін Светлана Төлемісова жеңіп алды деген жаңалықты көріп қалдым. Осы біз екінші орын берген қызымыз енді облыста бас жүлде алыпты. Сол сәтте достарыма: “Осы қызға үйленемін”, – дедім. Олар сенбей, “Сен өзің оған екінші орын бердің, енді облыстың жеңімпазы саған қайдан қарасын?” – деп күлді. Бірақ мен нақты шешім қабылдадым – қалайда осы қызға үйленемін деп. Кейін әрең дегенде кездесуге шығарып, ақыры отбасын құрдық», – деп жылы естеліктерін еске алды Қанат Айтбаев.