«Дариғаны ол кезде танымайтынмын»: Олжас Абай ел арасындағы әңгімеге нүкте қойды

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
218

Танымал актер Олжас Абай жеке өміріне қатысты айтылып жатқан әңгімелерге нүкте қойып, әлеуметтік желіде өзін және Дариға Бадықованы сынағандарға қатаң жауап берді. Өнер иесі ешкімнің отбасын бұзбағанын айтып, көпшілікті өзгенің тағдырын талқылауды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайдыMadeniPortal.kz. 

Актердің айтуынша, соңғы уақытта жеке өміріне қатысты түрлі пікірлер айтылып, жақын адамына да жағымсыз сөздер жазылып жатыр. Ол мұндай әрекеттерге бұдан былай үнсіз қарамайтынын жеткізді.

«Енді менің жанымдағы кісіні біреу ренжітсе, маған ренжімесін. Жаман сөз жазып, табалай бермеңдер. Ешкім ешкімнің бала-шағасынан ажыратқан жоқ. Бірінші некеден тоғыз жыл бұрын екі жақтың келісімімен кеткен адамдармыз. Ол кезде Дариғаны танымаймын да. Осымен осы тақырып жабылсын. Бақыт тілеп жатқан жандар, сіздерді өнермен әлі талай қуантамыз», – деп жазды актер.

Осылайша, Олжас Абай алғашқы некесінің тоғыз жыл бұрын аяқталғанын және ол кезде Дариға Бадықовамен таныс болмағанын мәлімдеді.

Өнер иесі мұнымен шектелмей, әлеуметтік желіде өзгенің жеке өмірін сынап, табалауға әуес адамдарға да ескерту жасады. Оның сөзінше, ешкім ертеңгі күні өз басына қандай жағдай түсетінін алдын ала болжай алмайды.

«Бүгін біреудің өмірін табалап, ертең өз бастарыңа не келетінін білмейсіңдер. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңның ертеңгі тағдыры қандай болатынын да білмейсіңдер. Ешкім баласының болашағына, денсаулығына, бақытына кепілдік бере алмайды. Сондықтан өзгенің тағдырын талқыламас бұрын, осыны бір ойланыңдар. Біреудің бүгінін мазақ етіп, өз ертеңдеріңе тым сенімді болмаңдар», – деді ол.

Актердің бұл жазбасынан оның жеке өміріне қатысты сын-пікірлерге ашық жауап беруді жөн көргенін аңғаруға болады.

Олжас Абай сөз соңында өзіне қолдау білдіріп, бақыт тілеп жатқан жандарға алғысын айтып, алдағы уақытта көрермендерді жаңа шығармашылық жұмыстарымен қуантатынын жеткізді.

Шоу-бизнес

«Өнер қырандары» театрының әртісі Жанболат Найзабек әріптесі Мадиярдың басынан өткен ауы...

Шоу-бизнес

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқан шығармашылығындағы маңызды жаңалығыме...