“Неге дәл осындай таңдау жасағанын…”: Ақан Сатаевтың екінші әйелі желіде күтпеген жазба жариялады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1578

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың екінші әйелі Альмира Тұрсын желідегі парақшасында жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды MadenipPrtal.kz.

Ол біреудің жеке өміріне кіріспеу жайлы көпшілікке ескерту жасады. Ал, оқырмандар бұл жазбаның астарында кім туралы айтылғанын болжап, түрлі пікірлер қалдыруда. 

"Желіде не болып жатыр десеңіз — нұсқалар өте көп, жорамал, жеккөрушілік пен қарғыс та жетерлік… Біреудің жаны — тылсым, біреудің өмірі — қоғамдық кеңістік емес. Біз адамның нені бастан өткергенін білмейміз. Неге дәл осындай таңдау жасағанын да. Қандай жарасын жазып жүргенін. Не туралы ойлап, не үшін дұға ететінін. Сырттай отырып үкім айту оңай. Сұралмаған кеңес беру де оңай. Өзің өмір сүрмеген шешімдерді талқылау да оңай. Ал әркімнің өз жолы бар. Өз қателігі, өз жеңісі бар. Көргеніңнің бәрі пікір білдіруді қажет етпейді. Түсінбегеніңнің бәрі түсіндіруді сұрамайды. Адамға өз өмірін сүруге мүмкіндік беріңіздер — сізге дұрыс көрінетін өмірді емес. Баршаңызға тыныштық, мейірім, махаббат пен бақыт тілеймін — өз өміріңіз өзгелердің өмірінен де қызық болатындай!", - деп жазды актриса. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...