30-дан асқанда тұсауын кестірген әнші оқырмандарын таңғалдырды

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
1328

Танымал әнші Гүлмира Ізбасқан әлеуметтік желіде қызықты видео жариялап, жұрттың назарын өзіне аударды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол бала кезінде жасалмаған тұсау кесу рәсімін ересек кезінде орындауды шешкенін әзіл араластыра жеткізген.

«Ассалаумағалейкум! Жаңа жылда папашка мен мамашканың үйіне барсам, тұсауымды кестіріп қойыпты. Содан бері бірнәрсе жетіспей жүргендей болушы едім. Жаңа жылдарыңызбен! Менің тұсауым кесілмеген екен ғой, сол үшін құлай беретін шығармын. 30-дан асқанда тұсау кестірген қалай?» – дейді әнші видеода.

Желі қолданушылары әншінің әзілін жылы қабылдап, оған ақжарма тілектерін жолдап жатыр.

Гүлмираның анасы да қызына бата беріп, былай деген:

«Табысты жыл болсын. Теңіңді тауып, бақытты бол. Өнерің өрлей берсін. Елдің елеулісі, халықтың қалаулысы бол, қызым!»

Желі қолданушыларның бірі енді өз теңін табады деп топшыласа, енді бірі тұсауын дұрыс кеспегенін айтуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...