Нұрсұлтан Жақсыгенге 3 жыл түрме жазасы сұралды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
401

Блогер әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот процесі жабық форматта өтті. Журналист Руслан Өтепбай істің мән-жайына қатысты жаңа ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өтепбайдың жазуынша, жәбірленуші Фариза Алмасқызы мемлекеттік айыптаушының соттан Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанын айтқан.

«Ал судьяның үкімі қандай болмақ? Сіз қандай үкім күтесіз?» – деп жазды журналист.

Бұған дейін Алматы облысы Қарасай аудандық сотында Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс қаралып жатқаны хабарланған. Ашық деректерде оған онлайн-платформаларды пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылғаны жазылған.

Іс Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы арасындағы дауға байланысты. Бұған дейін сот отырыстары барысында Жақсыген өзіне телінген кейбір жазбаларды жариялағанын жоққа шығарған.

Әзірге сот үкімі шыққаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Сондықтан прокурор сұраған жаза соттың түпкілікті шешімі болып саналмайды.

PESTEL

Лос-Анджелесте 78-ші "Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Кештің басты триумфаторы Apple TV+ ұсынғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторын құру мәселесі әзірге тек талқылау және талдау деңгейін...