«Ойбай, бақытсыз болып қалады-ау»: Алтынай Жорабаева күтпеген жазба жариялады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
528

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызының бой жетіп, өз алдына бір шаңырақтың келіні атанғанын айтып, жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі көпшілік арасында кеңінен тарап жатқан әннің әсері қатты тигенін айтып, көз жасына ерік бергенін жеткізді.

«Мына ән кеңінен тарап жатыр екен. Бұл көз жасым қызымның “ойбай, бақытсыз болып қалады-ау” дегеннен емес. Әннің сөздері әр ананың жүрегіне жетеді екен… Қыз баланың мұраты — өз отауын құрып, бақытты болу ғой», — деп жазды Алтынай Жорабаева.

Әнші қызының ер жетіп, жеке шаңыраққа кеткенін уақыттың қалай тез өткенімен байланыстырған.

«Тек кеше ғана кіп-кішкентай қызым еді… Қашан бой жетіп, өз алдына бір үйдің келіні болып кеткенін байқамай да қалыппын. Ана үшін баласының өскені — бір жағынан қуаныш, бір жағынан жүрекке ауыр сағыныш екен», — деп ағынан жарылды ол.

Жазбада өнер иесі ана жүрегіндегі қуаныш пен сағыныштың қатар жүретінін атап өткен. Әншінің бұл жазбасы көпшілікке ой салып, аналық сезімнің әсерлі көрінісін жеткізді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы әуежайының бірінші қабатындағы ұшу залында төбеден жолаушылардың үстіне ақ сұйықтық тамшылай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Қазақстанның Республика күніне орай ерекше салтанатты рәсім өтті. Әлемге...