«Оқытылған Құранымызды қабыл етсін»: Мақпал Жүнісова елді толқытқан жазба жариялады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
39

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовті еске алып, мешітте Құран оқытты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Көктөбе мешітінен түсірілген жазбасын жариялап, марқұм жарының рухына дұға бағыштағанын жеткізді.

«Көктөбе мешітінде Асылхан қажымен. Оқытылған Құранымызды қабыл етсін», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бүгін, 12 қарашада Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 21 жыл толды. Ол 2005 жылы 12 қарашада Алматыда қайтыс болған.

Мақпал Жүнісова бұған дейін де жұбайына деген сағынышын білдіріп, онымен бірге өткізген жылдарынан естеліктер жариялап жүрген.

Жақында әнші марқұм жарына қатты ұқсайтын азаматты кездестіріп, «Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті» деп жазған болатын.

Заманбек Нұрқаділов көзі тірісінде Алматы қаласының әкімі болып, бірқатар жоғары мемлекеттік қызмет атқарған.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Қазақстанның 40 жоғары оқу орнында студенттердің академиялық үлгерімін бағалаудың интегралды GPA жүй...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы&raquo...