Төреғали Төреәлі тағы да сынның астында қалды

Фото: әлеуметтік желі

Шоу-бизнес
93

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында қысқа жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

“Емшекті еміп өсіп, сүйіп өтесің”, – деп жазды өнер иесі.

Жарияланымда әнші бұл сөзді қандай жағдайға байланысты жазғанын түсіндірмеген. Скриншоттағы көрсеткіштерге қарағанда, жазбаға 22 мыңға жуық лүпіл басылып, 1,6 мыңға жуық пікір қалдырылған.

Бұл - әншінің әлеуметтік желідегі назар аудартқан алғашқы жазбасы емес. Бұған дейін ол Threads парақшасында ақын Есенқұл Жақыпбектің жастық шақ пен өткен өмір туралы өлеңінен үзінді бөліскен. Сондай-ақ әйел мен ер адамның қарым-қатынасына қатысты жарияланымдары да талқыланған болатын.

Төреғали Төреәлі өнер жолын айтыстан бастаған. Студенттер арасындағы бірнеше айтыста жеңімпаз атанып, республикалық додаларда жүлде алған. Кейін эстрадаға бет бұрып, “Отанды сүю – иманнан” әнімен және Ерке Есмаханмен бірге орындаған “Алло” дуэтімен танылды.

Шоу-бизнес

1990-жылдары әндерімен танылған алматылық музыкант, әнші әрі ән авторы Кирилл Ли қайтыс болды, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі 5 қарашаға қараған тү...