«Бұл өзгелерге сабақ болуы тиіс»: Ашимбаев екі ірі басшының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
132

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл – еліміздің квазимемлекеттік секторында бұрын-соңды болмаған оқиға, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Саясаттанушы бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазды. Ол ҚТЖ тарихында жоғары лауазымды басшылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайлары кездескенін, алайда «Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын болмағанын атап өтті.

«Самұрық-Қазына» басшысы – елдегі ең жоғары лауазымдардың бірі. Ал қор көптеген маңызды бағдарламалардың негізгі операторы саналады. Мемлекеттің лауазым мен беделге қарамастан, оны ұстауға санкция беруі өзгелерге сабақ болуы тиіс», – деп жазды Әшімбаев.

Оның пікірінше, бұл жағдай Мемлекет басшысы ұстанған «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызын көрсетеді.

Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын ресми растады. Олар 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденген жоқ.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Қазақстанның 40 жоғары оқу орнында студенттердің академиялық үлгерімін бағалаудың интегралды GPA жүй...

Шоу-бизнес

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Зама...