«Жүкті екен»: Жазира Байырбекова оқырмандарына сүйінші жаңалығын жеткізді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1504

Белгілі әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында тыңдармандарына тосын жаңалығын бөлісті. Ол көп ұзамай жаңа ән шығатынын айтып, жанкүйерлерінен сүйінші сұрады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 

Бұл туралы Skifnews.kz сайты жариялады.

Әншінің айтуынша, көптен күткен "Жақында… Жаныңдамын — деп сыбырлайтын ән" жарыққа шықпақ. Ол бұл туындыны «жүрекке жылы, жанға жақын, сағындырған» әуен деп сипаттап, ән тыңдаған сәтте әркім өз жүрегіндегі жанды есіне алатынына сенімді.

"Сіз үшін, сіздің жүрегіңіз үшін. Осы әнді естігенде ойыңызға кім келеді? Кім жаныңызда болғанда – бәрі мәнді, бәрі тәтті? Ол адамды белгілеп кетіңіз... Бәлкім, бұл ән екеуіңізге арналар...", – деп жазды Жазира.

Желі қолданушылары жазбаның астына бірден пікірлерін жаудырып, әншінің бейнежазбадағы келбетіне қарап: "Жүкті сияқтысыз", "Қуанышты жаңалық па?" деген сияқты болжауларын жарыса жазуда. Алайда әнші әзірге бұл пікірлерге жауап қатпады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...