“Просмотр үшін жасамаймын”: Ерке Есмахан бұл сөзімен мақтанды ма? Ақталды ма?

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
193

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзін қанша миллион адам қарайтын көрсетіп, жазба қалдырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші, бірақ тұрмысқа шыққалы сахнадан көрінбей жүрген Ерке Есмахан әрдайым тыңдармандарының назарында. Ол алған қымбат бұйымын көрсетсе де, жәй ғана үйінің суреттерімен бөліссе де жұлдыздың “мақтаншақ, мақтана алмайды екен, оның бәрін не істейсіз жинай беріп?” деген сынды пікірлердің астында қалатынын әншінің өзі де жасырмайды. Сондай-ақ, Ерке Есмахан осыған дейін де әлеуметтік желіде бөлісетін фото-видеолары мақтану емес, қарапайым күнделікті өмірін көрсету екенін айтқан болатын. 

Ал, бүгін әнші инстаграм парақшасын тұрақты жүргізбесе де оны қанша миллион адам қарайтынын, соған қарамастан ешқандай жарнама алмайтынын атап өткен. 

“Мен охват, просмотр үшін инста жүргізбеймін. Реклама жасамаймын. Көңіл-күйіме байланысты салынады бәрі. Сценарий жоқ. Обычный күндердің көрсеткіші осындай. Стористар 500 мыңға жуық қаралады. Өмірде де, инста де шынайылық маңызды. Ұмытпаңыздар”, - деп жазған. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде белсенді болмаса да, әншінің парақшасы 1 айда 128 миллион қаралым жинайды екен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...