Асхат Садырбайдың әйелі тағы да тың дерекпен бөлісті

ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
626

Журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы жары Айғаным Болатқызы әлеуметтік желіде дау тудырған жазбаларымен бөлісті, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Айғаным Болатқызы Instagram-дағы парақшасында сот ісіне және жеке өміріндегі қиындықтарға қатысты бірнеше бейнежазба жариялады. Онда ол басынан өткен ауыр сәттерін ашық жеткізген.

Айғанымның айтуынша, роликтердің бірқатарында әкесінің баланы «мен өзім жатқызамын» деп күшпен алып кеткен сәттері түсірілген.

– «Бұл мен үшін ең жан ауыртқан мезеттердің бірі. Мұндай жазбалар аз емес. Куәлік болсын деп амалсыз түсірген едім»,– дейді ол.

Жарияланған материалдарда ол қарсы тараптың қолдан жасалған сараптамаларға сүйеніп, сотқа қысым жасағанын да айтады.

– «Мен медиативтік келісімге келіп, тыныштық іздедім. Бірақ олардың басты мақсаты – менен ақша өндіру болды. Тіпті баламды ауру деп көрсетуге тырысты», – деп жазған Айғаным.

Бұл жазбалар қоғамда қызу пікірталас туғызды. Бір топ азамат оны «аналық құқығы үшін күресіп жүрген жан» деп қолдаса, енді біреулер «отбасылық мәселені жұрт алдына шығарудың қажеті жоқ» деген көзқарас білдірді.

Айғаным Болатқызы болса, сот әділ шешім қабылдамаса, біртіндеп барлық шындықты ашуға дайын екенін айтты.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...