“Құдалар күшті сырға алып келеді”: Тұрсынбек Қабатовтың қызына алғаш рет сырға тағылады

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
875

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы әлі күнге дейін құлағы тесілмегенін айтты. Оның сөзінше, бұған әкесінің қалауы себеп болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қабатовтың қызы бала кезінен әкесінен қазақтың салт-дәстүрі туралы көп естігенін жеткізді. Әкесі оған «сырға салу» дәстүрінің мән-мағынасын түсіндірген.

«Менің әлі күнге дейін құлағым тесілмеген. Кішкентай кезімде папа келіп, қазақтарда “сырға салу” деген дәстүр бар екенін түсіндірген болатын. Ертеде құдалар келіп, енді бұл біздің қыз деген ниетпен сырға салу дәстүрін жасап кеткен. Кішкентай кезінен бастап қызға сырға салып, атастырып қоятын да болған», – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл дәстүр заманауи сипатта жалғасып келеді. Қыздың болашақ құдалары арнайы келіп, сырға салу рәсімін жасайды.

Қабатовтың қызы үшін бұл ерекше сәт болмақ. Себебі ол өмірінде алғаш рет дәл осы күні сырға тағатынын айтты.

«Өзіме де қызық болып тұр, себебі өмірімде бірінші рет сол күні сырға тағатын боламын. Басында медициналық сырға тағамын. Бірақ кейін оны ауыстыруға болады. Құдалар жағы күшті сырға алып келеді деп үміттенемін», – деді ол.

Осылайша, әзілкештің қызы үшін көптен күткен сырға тағу рәсімі қазақтың дәстүрімен сабақтасып, ерекше естелікке айналмақ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының мұғалімі әлеуметтік желіде кабинет жөндеу ме...

PESTEL

Дағыстанда үйлену тойынан кейін туындаған жанжал адам өлімімен аяқталды. 24 жастағы жігіт бірнеше же...