Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бельгиялық әншімен әйгілі сахнада өнер көрсетеді, деп хабарлайды...
«Тозақ мен үшін жоқ»: Баян Алагөзова жұртты дүрліктірген жазба жариялады
әлеуметтік желіден
141
Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында дін тақырыбына қатысты пікір білдіріп, оқырмандарының назарын аударды. Ол дін мен оның насихатынан шаршағанын айтып, жұмақ пен тозақ туралы түсініктерге қатысты өз көзқарасын жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Продюсер жазбасында өзін тозақпен қорқытудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның сөзінше, өзі тозақтың бар екеніне сенбейді және оны көргенін нақты айта алатын адамның жоқтығын алға тартты.
«Дін мен оның насихатынан қатты шаршадым. Бірден айтайын, мені тозақпен қорқытудың қажеті жоқ, өйткені ол мен үшін жоқ. Әлемде бірде-бір адам маған оны көргенін айта алмайды. Жұмаққа қатысты да дәл солай», – деп жазды Баян Алагөзова.
Сонымен қатар продюсер жазбасында жұмақтағы «72 пәк қыз» туралы кең тараған түсінікке де ирониямен пікір білдіріп, оған қатысты сұрақ қойған.
Баян Алагөзованың бұл жазбасы оның дінге қатысты жеке көзқарасы болып табылады.
Посмотреть в Threads