«Көрмегеніміз жоқ»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
4194

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы мәлімдеме жасап, басынан өткен қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әзілкештің кейінгі қосылған жұбайы TikTok желісіндегі парақшасында бірге түскен суреттерін жариялады.

«14 жылдан бері біргеміз. Көрмегеніміз жоқ, қуанышты да, сынақты да, қиындықты да көрдік. Ал ең бастысы осының бәрінен бірге өттік. Жыл өткен сайын жанымда сабырлы, сенімді және шынайы түсінетін адам жүргенін көбірек бағалаймын. Бәрі үшін алғыс айтамын», - деп жазды Қабатовтың екінші әйелі.

Бұл жазбаға желі қолданушылары жарыса пікір жазуда. Басым көпшілігі Мөлдір Мұқанды қолдайтындарын, бұл әрекеттің дұрыс үлгі емес екенін айтып талқыға салған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...