Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы әйелі ажырасқанын неге жылдар бойы жасырғанын айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
122

Әнші Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жұбайы Айжан жеке өміріне қатысты үнсіздігін бұзып, ажырасқандарына біраз уақыт болғанын мәлімдеді. Ол көпшіліктен өзін бұрынғы күйеуімен байланыстыруды тоқтатуды сұрап, отбасына қатысты тарап жатқан түрлі әңгімелерге нүкте қойғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Айжанның айтуынша, ажырасу туралы шешімді өзі қабылдаған және оған өкінбейді. Сондай-ақ ол желі қолданушыларынан «төрт баласымен тастап кетті» деген сөздерді жазбауды өтінді.

«Бұрынғы жұбайым екеуміз ажырасып кеткенімізге біраз уақыт болды. Сондықтан мені ол кісімен байланыстырып, әйелдерінің қатарына қоспауларыңызды сұраймын! Сондай-ақ, «төрт баласымен тастап кетті» деген сөздерді жазбауларыңызды өтінемін. Кету – менің өз шешімім! Және бұл шешіміме өкінбеймін. Әркім өз адамымен бақытты болсын!» – деп жазды ол.

Сонымен қатар Айжан бұрынғы күйеуінің жеке өміріне қатысты сұрақтардан шаршағанын жасырмады.

«Алдағы уақытта ол кісімен бірге түскен қандай да бір видео көрсеңіздер, ондағы әйел мен емес екенін ескеріңіздер. «Неше әйелі бар?» деп те сұрамаңыздар. Жартысын білсем де жартысын білмеймін! Шынымды айтсам, осы әңгімеден шаршадым. Сондықтан осы тақырыпты біржола жабайықшы! Рүстем мен Айжан деген жұп енді жоқ!» – деді әншінің бұрынғы жұбайы.

Айжан осы уақытқа дейін неліктен ажырасқаны туралы ашық айтпағанын да түсіндірді. Ол жеке өміріне бөтен адамдарды араластырғысы келмегенін, ешкімнің алдында ақталуды қажет деп санамағанын жеткізді. Алайда соңғы уақытта әлеуметтік желіде түрлі видеолар тарап, өзіне қатысты негізсіз қауесеттер көбейген соң мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.

«Ең бастысы, бұл оқиғаның болғанына аз уақыт емес, арада біраз уақыт өтті, тіпті жылдар өтті. Мен үшін бұл – артта қалған өмірдің бір кезеңі. Сондықтан өткенді қайта қозғап, түрлі болжамдар мен әңгімелерге себеп болудың қажеті жоқ деп ойлаймын», – деп түйіндеді Айжан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адам қызға таныспағаны үшін стақан лақтырып, бетін жарақаттаған, деп хабарлайды MadeniP...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз психикалық денсаулық орталығына...