Мемлекет басшысы қазақстандық бітімгерлерді марапаттады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Президент...
Шымкентте ер адам қызға таныспағаны үшін стақан лақтырып, бетін жарақаттаған
Фото: видеодан скриншот
113
Шымкентте ер адам қызға таныспағаны үшін стақан лақтырып, бетін жарақаттаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 25 қарашада қаладағы дәмханалардың бірінде болды.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, жәбірленушінің құрбысының айтуынша, көрші үстелде отырған ер адамдар қыздармен таныспақ болған. Қыздар бас тартқан соң, ер адамдардың бірі оларға қарай шыны стақан лақтырған.
Қыздың ерні мен қолы жарақаттанып, дәрігерлер тігіс салған. Ал ер адамдар полицияның келуін күтпей, дәмханадан кетіп қалған.
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.