Сағынышымды басып, құшақтадым. Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызынан кешірім сұрағанын айтты

Фото: stan

Шоу-бизнес
2118

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергеннің авторлық бағдарламасына сұхбат бергенде Баян Алагөзовамен көп уақыттан кейін кездескендегі әсері жайлы айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік. Аман-есен аяққа тұрған соң бардым. Ол жағдай маған сондай ой салды деп ойлаймын. Өзім барып, өзім кішірейіп, кешірім сұрап,  сағынышымды басып, құшақтадым. Ол кісіде де сондай болды. «Осыған дейін неге келмедің?» деп ұрысты. Әдемі әңгімелестік», - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Оның айтуынша, адам өмірдегі жағдайлар арқылы тәрбиеленеді. 

«Ал адамның әрі қарай өзгеруі, мінезінің көркемделуі өзіне байланысты. Қоғамда өспейтін адам көп. Олар олған жағдайды сараламай, ойланбайтын шығар. Мен «неге менімен осылай болып жатыр?» деп ойландым. Соның арқасында өзгеріс, нәтиже болды», - дейді Әуелбекова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент қаласында Толеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында аса қатыгез қылмыс жасалды. Пышақ жа...

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

Сол жылғы күз бұрынғысынан ерте кірді, жаңбыр сібірлей жауып, қураған жапырақтар құлази жер құшып жа...