«Сорақылықтар орын алып жатыр»: Ақбота Керімбекова Аида Балаеваға үндеу жасады (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
692

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға Республика сарайындағы концертке көңілі толмағанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Әншінің сөзінше, Республика күніне орай өткен концертте Мұрат Әбілданың ән айтуы сорақылыққа жатады. Себебі сахна өте маңызды орын болып табылады.

Ақбота Керімбекова Республика сарайында ән шырқау Роза Бағланова сынды еңбегі елеулі тұлғалардың орны деп айтып өтті. 

«Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Мұрат Әбілда деген адамның Республика сарайында ән салып тұрған видеосы тарады. Ойлаңызшы, Республика сарайында. Еліміздің тарихи-мәдени маңызды нысанында! Қазақтың мыңдаған таланты сол сахнаға шығуды армандаған, мыңдаған дарынды Қазақ сол сахнаға шыға алмай, арманда кетті. Ол жігіт елдің азы мен тозы емес шығар, оның адами кескін-келбетіне тілімді тигізе алмаймын. Бір жағынан қарағанда оның Республика сарайында ән салғаны қылмыс та емес шығар. Бірақ, ағайындар-ау, Республика сарайының сахнасы - Роза Бағланова секілді аңыз адамның маңдай терімен салынған, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлт тағдыры шешілген, ең маңызды тарихи шешімдер қабылданған, бірнеше күннен кейін тойланғалы тұрған Республика күнінің негізі болған тәуелсіздік деклорациясы қабылданған қасиетті орын емес пе еді? Ол сахнаға шығу үшін бізден мың есе лайық әрі таланттырақ адамдар тағдырын арнады ғой, біздің өзіміз музыка мектебінде оқып, өнер академиясында кәсіби дағдымызды қалыптастырып, 30 жылға жуық тынымсыз еңбек етіп келе жатсақ та, тіземіз дірілдеп, зорға шығамыз», - деді Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...