«Бізді шок қылып жатыр»: Алтынай Жорабаева сүйінші сұрады

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
1403

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықты көпшілікпен бөлісті. Өнер иесінің қызы Аяулым Қытайдағы магистратураға грант иеленген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қызының жетістігіне қуанып отырғанын жеткізді.

«Қуанышты бөліссең — көбейеді демекші... Аяулым қызымыз бізді тағы да қуанышқа бөлеп, шок қылып жатыр. Аллаға шүкір! Осындай қуанышымызды сіздермен де бөліскім келді. Сүйінші!» — деп жазды Алтынай Жорабаева.

Әншінің сөзінше, Аяулым бұған дейін Қытайда екі жыл бойы грант негізінде қытай және жапон тілдерін меңгерген. Енді ол білімін одан әрі жалғастырып, биыл Қытайдағы магистратура бағдарламасына грантқа түскен.

Алтынай Жорабаева қызының кезекті жетістігін оқырмандарымен бөлісіп, қуанышты жаңалыққа сүйінші сұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзбекстанда президент әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен бірқатар мемлекеттік орган өкілдерін заң...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция мәліметінше, жол апаты елорданың айналма жолында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. T...