Кинотеатрда көрермендердің әрекеті Ләйлә Сұлтанқызының жүйкесіне тиген

Фото: sn.kz коллажы

Шоу-бизнес
190

Ләйлә Сұлтанқызы кинотеатрдағы көрермендердің түрлі әрекеттеріне көңілі толмайтынын және мәдениет туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кинотеатрда сақтау қажет қарапайым әдеп ережелерін еске салды. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол кинотеатрда қолына жабысқан сағызды көрсетіп, көрермендерді бір-біріне және өнер иелеріне құрметпен қарауға шақырды.

«Құдай үшін! Киноға барғанда:сағыздарыңызды орындыққа жабыстырмаңыздаршы, ыстық тамақ жемесеңіздер екен, вспышкамен видео түсірмеңіздер, кешікпеңіздер, әңгіме айтатын жер емес. Осылар менің жүйкеме тиеді», – деді ол.

Тележүргізушінің сөзі желі қолданушылары арасында қолдау тапты. Көпшілік кинотеатрдағы мәдениетке қатысты өз пікірлерін жарыса жазған. 

«Иә, кішкентай баламен бармау керек. Жұрттың мазасын алады, өзі де, анасы да кино көрген құрлы болмайды», «Мен семечка шағып отырған адамдарды көргем», «Кинотеатрға барып шемішке шағатын, чипсыны дауысын шығарып жейтіндерге жыным келеді», «Өте орынды», – деп жазды желі қолданушылары. 

Шоу-бизнес

Продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Мөлдір Әуелбековамен қазіргі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Туыстары аяусыз өлтіріліп, күйеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылғаннан кейін Ақбаян Мұқанғал...