«Жақында өмірге бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасап, қуанышын бөлісті

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
2292

Актриса Айгүл Иманбаева желіде оқырмандарының жүктілік пен желіде тараған видеоға қатысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде сұрақтарға ашық жауап беріп, біраз жаңалығын бөліскен. Желі қолданушыларының бірі сол ретте Айгүл Иманбаевадан күйеуімен жас айырмашылығы қанша екенін сұраған. 

"Менің күйеуім менен әлдеқайда жас. Тіпті жап-жас. Менің туған күнім наурызда, оның туған күні қыркүйекте, яғни алты айға жас", – деп әзілмен жауап берді. 

Актриса оқырманның жүктілікке қатысты сұрағын жауапсыз қалдырмай жауап берген және жауабы арқылы оқырмандары мен тыңдармандарын тағы да сұрақпен қалдырды.  

"Жақында өмірге бір бөпе келеді, айтамын. Уақыт аз қалды, өте-өте жуық арада", – деп жауап берді өнер иесі. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...