«Шерзат туралы пікір жазбай, Русланға тілекші бола қалыпсың»: Сәкен Майғазиев тыңдармандарының сынына ұшырады

коллаж: madeniportal.kz

Шоу-бизнес
1111

Атақты "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Желі қолданушылары өнер иесіне еліміздегі жаңалықтарға бірдей көңіл бөлу керектігін айтқан.

«Шерзат туралы пікір де жазбай, Русланға келгенде тілекші бола қалыпсың», деген жақсыларым үшін. Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші Алла біледі, екінші, мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған ешнәрсесін бөліп бермейтінін білем. Дәмеленбеймін де. Алла тағаланың маңдайыма жазып қойған ризық, несібесі бізден басқа біреуге кетпейді. Мен адам алаламайтын жанмын. Бәріне құшағым ашық», - дейді әнші.

Шерзаттың ісі туралы жазбайсың дегендерге жауап ретінде жазбаларының скринін жариялады.

«Ал, Шерзат бауырым туралы 2024 жылдың 12 қазанында (тура Русланға жазған жазбамдағыдай) қабырғама қатты батқанын білдірген болатынмын. (Суреттер (скрин) соның дәлелі). «Шерзат туралы пікір жазбағандардан отписка», деп атой салып жатқанда,»Мен жаздым ғой», деп ақталуға арланғам. Қазір, жазуыма мәжбүрлеп жатқан жандардың қарасы көп екен.
Мен қазағыма жау емеспін. Қазақ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет Алладан дұға тілеймін. Имандай шыным. Қалғаны құқық қорғау органдардың құзырында», - дейді  Сәкен Майғазиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әзербайжанда келінін аса қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Шахрияр Гусейновқа қатысты бұлтар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде басшылық қаражат жымқырған, деп хабарлайды MADE...