«Қорқасыз ба?»: Ләйлә Сұлтанқызы Талғардағы оқиға байланысты жазба жариялады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2537

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Талғарда қатігездікпен өлтірілген Шерзаттың ісі бойынша жазба жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, журналистердің міндетіне қайғылы оқиғаны сүйіншілеп жеткізу емес, сол оқиғаның шындығын анықтау әрі заң аясында жазалануын қадағалау кіреді. 

«Бәрінің басында аймақта жастарға жағдайдың жоқтығы, коррупция, кейбір жергілікті жердегі басшылардың салғырттығы да тұрған болар. Айта берсең, жалғаса береді… @halima.tazhikul айтпақшы, рас, бір журналистика - қайғылы оқиғаны сүйіншілеп тарату емес. Журналистика сол оқиғадағы күдіктілердің заң аясында жазалануын бақылау. Соңғы ақпарат бойынша: Қылмыстық іс ҚР Бас Прокурорының бақылауына алынды. Шерзаттың әкесі тыныш елді дүрліктірмеуді сұрап, қылмыскерлер өз жазасын алатынына сенетінін айтты», - деді тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...