Танымал әнші Айдана Меденова да хиджабын шешті

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
900

Танымал әнші, «КешYOU» тобының экс-вокалисі Айдана Меденова әлеуметтік желіде орамалсыз ән айтып отырған видеосын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Видеода өнер иесі ән шырқап, өлең оқып отырғаны байқалады. Бұл жайт оның өнерге қайта оралғанын аңғартты.Алайда желі қолданушылары үшін ең күтпеген сәт Айдана Меденованың хиджабсыз көрінуі болды. Осыған байланысты пікірлер екіге жарылды. Дегенмен, оқырмандардың басым бөлігі әншіні сынға алудан гөрі қолдау білдіріп жатыр. 

«Иман тек орамалмен өлшенбейді», «Өнерге оралғаны қуантады», «Өте сұлу» деген жылы лебіздер жиі жазылуда. Айдананың бұл қадамы желіде қызу талқыланып, қоғам назарын өзіне аударды.

Алайда Айдана Меденова хиджабын шешу себебіне қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...