Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман жұртқа тағы бір өнерін паш етті, деп хабарлайд...
Мадина Сәдуақасова күйеуі туралы шындықты айтты
ашық дереккөз
Әнші Мадина Сәдуақасова отбасылық өмірінің бастапқы кезеңі туралы бұрын айтылмаған жайттарды бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы SMARTNEWS.KZ жазды. Өнер иесі күйеуі Олжастың мінезіне үйрену алғашқы жылдары оңай болмағанын жасырмады.
Әншінің айтуынша, олардың мінезі мүлде екі түрлі. Өзі ашық, көпшілік ортаны жақсы көрсе, жұбайы керісінше, тыныштықты қалайды, адам көп жиналатын жерлерден қашқақтайды. Тіпті олар әріптестердің тойына баруды да шектеп, жылына ең көбі жеті шараға ғана бірге қатысуды әдетке айналдырған. Отбасындағы алғашқы келіспеушіліктердің бірі бала тәрбиесіне қатысты болған. Әнші ұлы Ануардың еркін өсіп, өмірден сабақ алуын қолдаса, әкесі керісінше, барынша сақтық танытқан.
«Ұлым кішкентайында құлап көрген жоқ деуге болады. Әкесі үйдегі жиһаздың бәрін жұмсартып, жастықтарды жан-жағына қойып тастайтын. Мен бала өзі үйренуі керек деп ойладым, ал ол болмашы нәрсенің өзіне алаңдап, тексеріске апаруға дайын тұратын», – дейді әнші. Уақыт өте келе ерлі-зайыптылар бір-бірін түсінуді үйренген. Мадина бастапқыда күйеуін «өте қиын адам» деп қабылдағанын, тіпті «қалай тұрмысқа шықтым?» деген ойдың да болғанын айтады.
Алайда кейін олардың айырмашылығы кемшілік емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын қасиет екенін түсінген. Бүгінде жұп өзара түсіністікке келіп, ашық сөйлесудің арқасында отбасында үйлесім қалыптасқанын жеткізді.