«Нағыз есі дұрыс күйеу болған жоқпын»: Алмат Сақатов отбасы туралы ашық айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
139

Қазақстандық актер Алмат Сақатов отбасылық өмірі мен жұбайына жасаған қателіктері туралы ашық айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Актер гастрольдік сапарлар мен шығармашылық ортада жүріп, отбасына жеткілікті көңіл бөлмегенін мойындады. Оның айтуынша, кезінде танымалдылыққа мастанып, жарының сезімін екінші орынға қойған кездері болған.

«Әйелімді өте көп ренжіттім, тентек болдым, қыздармен көп жүрдік. Гастрольде көп жүрдік. Халық сүйетін мықты, нөмірі бірінші шоу болдық. Топырлаған қыз-қырқын... Біз өзімізді бір сері сезіндік. Бірақ үйде ұл тауып беріп отырған, қыз тауып отырған әйеліңнің отырғанын айлап ұмытып кететін кезіміз болған», — деді Алмат Сақатов.

Ол сондай-ақ отбасындағы келіспеушіліктер кезінде ашуға беріліп, жұбайын ренжіткенін де айтты.

«Өзіміздің қателігімізді біле тұра, соны мойындамау үшін бір-екі рет сілтеп жіберген кезіміз де болды. Өкінемін, әрине. Иә, мен нағыз есі дұрыс күйеу болған жоқпын», — деді актер.

Сақатов әйелінен кешірім сұрау үшін гүл немесе сыйлық алып, арнайы барған кездері болмағанын да жасырмады.

«Гүл алып, сыйлық алып, әйеліңнің алдына барып: “Кешір” деп айтып көрмеппін. Табиғатымда жоқ ол. Мен өзімнің жұмысыммен, қылығыммен... Әйелді сыйлықпен кешірімін алуға болады, бірақ ол — уақытша. Сен оның жүрегіне жылдап қадаған шегелерді бірден суыра алмайсың ғой. Оған уақыт керек», — деді Алмат Сақатов.

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс мед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әскери қызмет кезінде қаза тапқан Алмас Көбеновтің отбасының қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет айт...