Қазақ халқы күміс көмей, жез таңдай әншілерге кенде емес. Бірақ кейбір өнер иелері тасада қалып жата...
Танымал продюсер Баян Алагөзова өмірді жақсы жаққа өзгертудің әдісін бөлісті
Фото: инстаграм парақшасынан
278
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында шоу-бизнеске келген сәтінен бастап өткен жолын еске алып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Алагөзова түрлі кезеңдерден құралған қысқа видеоклип жариялап, мансабының алғашқы қадамдарын еске түсірді. Бейнежазбада оның телевизиядағы және кино саласындағы жобаларға қатысқан сәттері көрсетілген.
Продюсер бұл жазбасын: «Жарқын өмірді қалайсыз ба? Қолға бояу алыңыз! Менің қолымда қашан да қылқалам бар… Тағдыр – мінез!» деп қысқаша сипаттады.
Алагөзованың оқырмандары оның еңбегіне тәнті болып, жылы лебіздерін қалдырды: «Аңызға айналған әйел!», «Біздің жалғыз ханшайымымыз!», «Баян – керемет!» деп жазды қолданушылар.