«Келін боласың деп өсірмеймін»: Қайрат Нұртастың әйелі тосын жазба жариялады

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
824

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Актриса қызы Алаумен түскен суретін жүктеді.

"Біліп жүргейсіз. Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол менің жалғасым. Мен қызымды өзге үйге “келін боласың”-деп өсірмеймін, өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес қолдау бар", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

"Осы сөздің мағанасын тек қыз өсіріп отқан аналар жақсы, дұрыс жағынан түсінсе , қыз құт! Қыз қонақ емес! Өте салмағы ауыр сөз", "Міне көзі ашық, көкірегі ояу АНА", - деп жарыса қолдап жазды желі қолданушылары.

Ал кейбіреуі бұл әрекетін ерсі қылыққа балады.

"Жараспайды жай ғана", "Ақылдарыңыз жөн екен, Рамазан айында бұндай суреттер салмай тұра тұрған оданда жөн болар еді", "Тәрбиесіз ұятсыз", - деп жазды желі қолданушылары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...