Аша Матай журналист сұрағына жауап беремін деп тағы да сынға қалды (ВИДЕО)

коллаж: MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
672

Танымал тележүргізуші, биылғы жылы өз кандидатурасын депутаттыққа ұсынған Аша Матай тағы да сынға ұшырады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл жолы Асхат Ниязов есімді журналист болашақ депутат ханымға сұрақтар жаудырып, кейін оған жауап беру кезінде Аша Матайға қасындағылары айтып көмектесіп отырғанын байқағанын айтты.

"Әнші әрі актриса Аша Матай НПК партиясынан депутаттыққа кандидат атанды. Партия съезінде мен оның саясатты қаншалықты білетінін түсіну үшін бірнеше сұрақ қойдым. Сұрақтар ең қарапайым, базалық деңгейдегі дүниелер еді. Ол сұрақтарыма жауап берді. Осыдан кейін тіпті өзіме сәл ыңғайсыз болып қалды. Себебі оны тығырыққа тірегім келген еді, бірақ олай болмады.

Алайда шығарылымды монтаждау кезінде оның жауаптарын біреу сыбырлап айтып тұрғанын байқап қалдым. Мұқият тыңдап көріңіздер. Бұл үзіндіні саяси партиялар туралы шығарылымның екінші бөлімінен көре аласыздар. Ол шығарылым қазірдің өзінде жарық көрді", - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...