Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанып кеткен Айман Instagram парақшасында танысының өмі...
«Тез қосылады, тез ажырасады»: Дариға Бадықова тағы да сынға қалды
әлеуметтік желі
Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өміріндегі өзгерістер туралы жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесінің сөзінен кейін желі қолданушылары оның жеке өміріне қатысты түрлі болжам жасай бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Актриса соңғы уақытта өмірге деген көзқарасы өзгергенін айтып, енді жаңа кезеңге дайын екенін жеткізді.
«Дариға неге өзгерді? Өйткені Дариға көп нәрсені түсінді. Көп нәрсені жүрегінен өткізді. Бұрын бәріне алаңдайтын, бәріне түсінікті болуға тырысатын. Барлық өзгеріске дайынмын! Уақыт – даналық!» – деп жазды актриса.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі Дариғаның құлпырып, ерекше сымбаттанып кеткенін айтса, енді бірі оның өміріндегі өзгерістерді махаббатпен байланыстырды.
«Жас жігітке шығып, арықтапты», «Дариға өте қатты жақсы көретін сияқты», «Жанарыңызда от пайда болыпты», «Жанып тұрсыз», – деп жазды оқырмандар.
Алайда пікір білдірушілердің арасында актрисаны сынағандар да табылды.
«Дариға ашынды ғой», «Тез қосылады, тез ажырасады», – деген пікірлер де жарияланған.
Осылайша, Дариға Бадықованың өзгеріс туралы бір ғана жазбасы желіде сан түрлі пікірге ұласты. Дегенмен актриса жеке өміріне қатысты оқырмандардың болжамдарына әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.