Қазақ халқы күміс көмей, жез таңдай әншілерге кенде емес. Бірақ кейбір өнер иелері тасада қалып жата...
“Менен де асығыс…”: Абай Бегейдің кіші қызы жаңалығын бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден
Әнші Абай Бегейдің қызы қуанышын бөлісіп, қолдау сұрады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Сымбат Абайқызы осыдан бірнеше ай бұрын “кәмелеттік жасқа толмай тұрмысқа шықты” деп елді бір шулатқан еді. Ақтаудың жігітіне тұрмысқа шыққан бойжеткен бүгін қуанышты жаңалығын бөлісті.
Әншінің қызы “Қазір таң болса да, ішіме сыймай сіздермен бөлісем деп шештім” - деп бастаған әңгімесін.
Сымбат Абайқызы әдемі видео жариялап, жүкті екенін және болашақ сәбиінің жынысын анықтағанын қуана жариялады.
“It’s a boy. Жүрегіміз лүпілдеп, көптен күткен сәт келді. Құдай бізге бір кішкентай батырды сыйлағалы тұр. Қуанышымызда шек жоқ. Жанымыздың бір бөлшегі - енді кішкентай Ханзада”, - деп жазба қалдырған.
Сондай-ақ, Сымбат қуанышты хабарды жеткізетін әсерлі видеосын өзінен бұрын біреудің таратып жібергенін де айтып өтті.
"Бұл видеоны алғаш өзім салуым керек еді, сіздермен бөлісіп. Онымен, менен де асығыс адамдар тиктокқа салып жіберіпті".