Британдық актриса Дональд Трамптың кездесуге шақыруынан бас тартқанын мойындады

Ашық дереккөзден алынған

Шоу-бизнес
496

 

Британдық актриса Эмма Томпсон Локарно кинофестивалінде болашақ АҚШ президенті Дональд Трампқа бір кезде «жоқ» деуге мәжбүр болғанын айтты. Актрисаның айтуынша, бұл оқиға 1998 жылы Майк Николс түсірген «Primary Colors» («Негізгі түстер») фильмінде жұмыс істеп жүрген кезінде болған, деп жазады Мadeniportal.kz.

«Ол маған қоңырау шалып: “Сәлем, бұл Дональд Трамп” деді. Мен мұны қалжың деп ойлап: “Сізге қалай көмектесе аламын? Бір нәрсе керек пе еді?” деп сұрадым. Ол мені кешкі асқа шақырды. Мен оған бұл өте сыпайы ұсыныс екенін айтып, кейінірек хабарласатынымды жеткіздім», — деді Томпсон.

Актриса бұл әңгіме оның ажырасуынан кейін болғанын, сондай-ақ Трамп оның телефон нөмірін қалай тапқанын түсінбегенін айтты. Ол миллиардердің өзіне кездесу үшін лайықты серіктестерді іздейтін қызметкерлері болған шығар деп болжады.

«Мен Дональд Трамппен кездесуге барар едім, бәлкім, АҚШ тарихының бағытын өзгертер ме едім», — деп қалжыңдады екі мәрте «Оскар» иегері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...