«Тоқал алу әр еркектің ойында бар дүние»: Меломен тобының әншісі ойын ашық айтты

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
257

"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазрет "Kezdesu" подкастында тоқал алу туралы өз ойын ашық бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сұхбат барысында ол тоқал алу әр еркектің ойында болатынын, дегенмен оған жауапкершілік ала алу қажеттігін, сондай-ақ өзі бұл туралы қандай ойда екенін айтты. 

"Тоқал туралы ой балаң болса да, болмаса бар дүние. Әр еркектің ойында, жаратылысында бар дүние. Шамаң жетсе, ал. Өзіңнің айтқан сөзінде тұра алатын табандылық, нақтылық керек. Одан кейін сенің материалдық жағдайың. Бала туылса, оның барлығына жауапты боласың. Әйелдеріңе жауапты болуың керек. Барлығына әділ түрде қарай алу керексің. Осының барлығына тұрып берсең, амалын келтіруге болады деп ойлаймын. Тоқал мәселесіне қадам басайын деп жатқан жоқпын, ойлап та жүрген жоқпын. Себебі менің оған рухани деңгейім де, шамам да, күшім, энергиям да жете бермейді", - деп жауап берді ол. 

PESTEL

Таиландтың оңтүстігінде қаруланған топ жарылғыш құрылғыларды іске қосып, PTT мұнай-газ компаниясына...

MADENI TV

Әлемдегі ең уақытылы ұшатын әуекомпаниялар мен дәл хабарлайтын әуежайлар анықталды, деп хабарлайды&n...