"Кейінгі уақытта мазалай бастады": Қайрат Нұртастың анасы жеке өміріне қатысты шындығын бөлісті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1009

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова кейінгі уақытта ұмытшақтық мазалай бастағанын айтып, денсаулығына қатысты жағдайын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, қатты уайым мен күйзелістен кейін есте сақтау қабілетінде өзгерістер байқалған. Тіпті кей кездері үйдегі адамдардың атын ұмытып қалатынын айтты.

"Қатты қайғырған кезде адам ұмытшақ болып қалады екен. Сондай ұмытшақтық пайда болды. Үйдегілердің атын ұмыта бастадым. Бір дәрумен ішіп жүрмін. Әйтпесе кәдімгідей есімді жоғалтып кеттім", – деді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер бұл жағдайды өз басынан өткерген күйзеліспен байланыстыратынын жеткізді.

Желі қолданушылары оның жазбасына алаңдаушылық білдіріп, денсаулығына көңіл бөлуге кеңес берді. Кейбірі мұндай жағдайдың ұзақ уақыттық уайымнан немесе жас ұлғаюына байланысты болуы мүмкін екенін жазған.

 

PESTEL

Қытайлық кәсіпкер мотоциклмен су бетінде 40 шақырым жүріп, Гиннестің рекордын жаңартты, деп хабарлай...

PESTEL

Армения парламентінде билік пен оппозиция депутаттары жаппай төбелесіп, отырысты тоқтатуға тура келд...