Төреғали Төреәлінің әкесі күйеубаласына арнап жазба жариялады

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
543

Әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі күйеубаласы жайлы жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол Фариза Төреәлінің күйеуі Дархан Нортаевты жеңісімен құттықтады.

"Бүгін шаңырағымызда ерекше қуаныш.

Дархан күйеу балам “Джиу-Джитсу” спорт түрінен “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері” атағын алып жатыр.

Бұл жай ғана куәлік емес.
Бұл талай жылғы еңбек, темірдей тәртіп, қайсар мінез бен маңдай тердің жемісі.

Татамиде ел намысын қорғап, қазақтың рухын биіктетіп жүрген азаматтың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Ер азаматтың абыройы еңбегімен өлшенеді.
Ал спортта елдің намысын көтеру нағыз батырлықпен тең.

Құтты болсын, Дархан балам.
Алла абыройыңды арттырсын.
Жеңісің көбейіп, алар асуың биік болсын! Бүгінгі қуаныш бүкіл әулетіміздің мерейі!", - деп жазды Төреәлі Төлепов.

Өнер

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанны...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Тестілеу басталғалы 25 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырды. Ғылыми-педа...