«Тұрсынбексіз ақ өмірі тамаша»: Мөлдір Мұқан желіде көпшіліктің ықыласына бөленді (ВИДЕО)

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
1048

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде үш қызымен бірге түскен көңілді видеосын жариялады. Анасы мен қыздары асүйде торт пісіріп, бірге би билеген сәт желі қолданушыларының ықыласына бөленді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Желі қолданушылары Мөлдір Мұқан мен қыздарына жылы лебіздерін білдіріп, олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көңілді сәтіне сүйсінген.

Мөлдір Мұқан да жарияланымында әйелдер мен қыздардың асүйде көп уақыт өткізетінін айтып, жақындарына үй тағамын дайындаудың мәніне тоқталды.

«Расымен, әйел заты, қыз балалар ас бөлмесінде көп уақытымызды өткіземіз. Жақындарымызды қуантуға тәттілер де пісіреміз, дұрыс тамақ ішсін, үйдің асын жесін деп еңбектеніп жатамыз. Өз жағдайымызды жасаудың бір жолы осы», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Желі қолданушылары бірауыздан шоуменнің бұрынғы жұбайын қолдап, ізгі тілектерін жазды.

"Қыздар көп болған қандай керемет", "Тұрсынбексіз ақ өмірін тамаша ғой, қыздарда тамаша тек алға , табатын балаларды тауып алдын, болды балалардың қызығын көріп жайнап, жайқалып , құлпырып жүре бер, балардың жетістігін көріп, қуанып ойнап күліп ел аралап аман-есен жүр", - деген секілді пікірлер жазған желіқолданушылары.

Желіде тараған отбасылық видеоға оқырмандар жылы пікірлер қалдырып, анасы мен қыздарына сүйіспеншіліктерін білдірген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі дін тақырыбындағы жазбасынан кейін оқырманд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы болған Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықт...