«Уәде берген едім»: Қайрат Нұртастың анасы жаңа қырынан танылды (ВИДЕО)

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
136

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 25 жылдан бері араласатын жақын досы Өктем Алтаевтың қызы Аружанды ұзатып, оған арнайы жаңа ән арнады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Продюсердің айтуынша, осыдан 5-6 жыл бұрын ол Алтаевтар әулетінің үлкен қызын да ұзатқан. Ал бірнеше ай бұрын отағасы екінші қызының ұзату рәсімін де Гүлзира Айдарбековаға сеніп тапсырғысы келетінін айтқан.

«2-3 ай бұрын: "Екінші қызымды ұзатып бер. Сенің еңбекқорлығың, адалдығың жұғысты болсын. Тіпті үшінші қызым да "мені сол кісі ұзатады" деп отыр, оны да ұмытпа уақыты келгенде", – деді», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Оның сөзінше, той иелері арнайы ырымдап, ниет білдірген соң, Аружанның ұзату тойына жаңа ән дайындаған. Продюсер туындының мәтініне ерекше мән бергенін атап өтті.

«Кеше Аружан қызымызға арнайы су жаңа әнімді арнап ұзаттым. Сөздеріне барынша мән бердім. Себебі Аружанның тек Қазақ еліне емес, әлемге танымал болатынына толық сенімім бар. Ол жағын алдағы уақыттың еншісіне тапсырдым», – деді ол.

Гүлзира Айдарбекова жас келінге ақ тілегін арнап, оның елге танымал азамат болып, бақытты отбасылық ғұмыр кешуіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ продюсер көпшілікті жаңа әннің әрбір сөзіне мән беріп, өз пікірлерін жазуға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында төрт жасар қыз жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Қайғылы жағдай 15 қыркүйекте Целино...

PESTEL

Жапонияда 100 және одан жоғары жастағы адамдар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 107 677 адамды құра...