«Үйге кіргің келмейді»: Қарақат Әбілдина Астанадағы ерекше құбылысқа сүйсінді

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
31

Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадағы жайма-шуақ ауа райы туралы жазба жариялап, табиғаттың әр мезгіліне шүкіршілік етуге шақырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі елордадағы күннің жылылығы ерекше көңіл күй сыйлап тұрғанын жеткізді.

«Астанамызда ауа райы ерекше болып тұр (тфәй-тфәй). Күннің шуағы мейірленіп, жаныңды жылытып, үйге кіргіңді келтірмейді әшейін. Табиғаттың өзі: “Осы жылылықты қабылда, сезін, жүрегіңе сақтап қал”, – деп тұрғандай», – деп жазды әнші.

Қарақат Әбілдина табиғаттың осындай сәттерін көріп, сезіне білудің өзі үлкен бақыт екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы төрт мезгілдің әрқайсысының өзіндік ерекшелігі мен сұлулығына тоқталды.

«Біз төрт мезгілді – жаздың жайма-шуақ күнін, күздің қоңыр салқынын, қыстың аппақ көрпесін, көктемнің жаңаруын көреміз. Әр мезгілдің өз мінезі, өз бояуы, өзіне ғана тән сұлулығы бар. Осындай төрт мезгілі түгел, табиғаты көркем қасиетті мекенде өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін», – деді өнер иесі.

Жазбасының соңында әнші көпшілікті қолда барды бағалап, әр күнге шүкіршілікпен қарауға үндеді.

«Барымызды бағалап, әр күнімізге шүкіршілікпен қарайықшы. Астаналықтар, күн шуағына жақсылап жылынып алайықшы», – деп түйіндеді Қарақат Әбілдина.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды, деп хабарлайды MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Құрық ауылында қатты жел тұрғын үйдің шатырына зақым келтірді, деп хабарлады Mad...