«Әке» деді»: Илья Ильин қуанышты жаңалығын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
978

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин оқырмандарымен қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Спортшы 10 айлық қызының тілі шыққанын айтып, желідегі парақшасында видеосын жариялады.

 "Айлиша алғашқы сөзін айтты, "әке" деді. Бұл жақсы жаңалықты сіздермен бөлісіп отырмыз", - деп жазды Ильин.

Желі қолданушылары спортшыға ізгі тілектерін білдірді. "Керемет, әкесінің қызы тіл көзден аман болсын балапан", "менің немеремнің де алғашқы сөзі “папа“ мен “ата” . Аилиша бақытты қыз болсын", "Күшті айттыңыз қазақша. Қазақ тілін қайдан білесіз?" деп жазуда.

Сонымен қатар, Илья Ильин қызына қарайтын бала күтушісінің Айлишамен қазақ тілінде сөйлесетінін айтты.

Жаңалықтар

Астанада адам шошырлық оқиға болды. Көпқабатты үйлердің бірінде 14 жастағы жасөспірім қолындағы пыша...

Шоу-бизнес

Әнші Тамара Асар кәсіпкер күйеуінің жетістігін айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлады m...