Димаш Құдайберген Бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығына қатысу үшін Қытайға барды, деп хабарл...
«Қауіпсіздік қызметіне онша сенбеймін»: Дана Нұржігіт Jlo-ның концертіне бармайтынын мәлімдеді
коллаж: madeniportal.kz
Тележүргізуші Дана Нұржігіт атақты әлем жұлдызының концертіне қатыспайтынын айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Тележүргізуші концерттегі қауіпсіздік үшін алаңдаулы екенін жеткізді.
«Jlo келе жатыр дегеннен билет алуға кірісе кететіндердің қатарында емеспін.
Менің табиғатым сондай ма,білмеймін, нөпір халық жиналған жерде бір түрлі тұншыға бастаймын. Ішкі паника басталады. Қосымша шығу есігін, жолдарын іздей бастаймын. Қауіпсіздік қызметіне онша сенбеймін. Ондай жерде адам бір-біріне қарамайды. Реттеу,тәртіп сақтау деген мәселеге қатаң болмаса,бүге-шүгесіне дейін ойластырған шара болмаса, хаос орнайды. Мақұлық техниканың өзі шыдас бере алмай жатыр. Tiketon-ды айтам. Баяғыда сондай бір концертке барамын деп ұйымдастырылған автобусқа мініп жатқанда қолым сына жаздаған. Сіңірі тартылып, қолымды таңып фортепианодан емтиханды кеш тапсыруға тура келген. Содан бері ондай жерлерден алыс жүретін болдым. Бірнеше жыл бұрын алыстан отырып Димаштың концертін тамашаладым. Дегенмен,алыстағы нүктедей болған фигуралар,аспандағы шоу жұртпен бірге тыныстау мұндай live концерттердің кайфы сол. Бір тұтас әлемге айналу.Музыка дінге айналатын сәт. Біріктіруші күш,идеология. Сол әлемнің азаншысы- POP IDOL - бұқара халықты өнерімен арбайды», - деді Дана Нұржігіт.
Дана Нұржігіт концертке баратын халықтың қауіпсіздігін осы бастан ойластырған жөн екен айтты.
«Сол вайбта иін тіресе тұратын халық шоу кезінде бір-бірімен таласып-тырмыспай, келген билеттеріне сай орында отыруы, тіпті дәретханалардағы тазалық, үй-үйіне қайта бастағандағы автобустың маршруттары бәрі сақадай сай,тықылдаған сағаттай жұмыс істеуі керек. Ондай болмаса, концерттен алған әсер де су сепкендей басылады. Ұйымдастырушыларға Құдай қуат берсін!
Jlo- келді, кетті.Жылы-жұмсағын алдына қойып жыртылатынымыз бесенеден белгілі. Бірақ қалтасының түбін қақса да,сол концертке барамыз деген біздің халықтың қамын осы бастан ойласақ екен деймін. Қонаққа-құрмет-ия, ал ақшасын шығарып,сонысымен салыққа үлесін қосып,арнайы келген халыққа- ізет болу керек!», - дейді тележүргізуші.