«Жартыбас деп жазады»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өткір жазба жариялады

әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
124

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желіде өзін және өзге адамдарды кемсітіп пікір жазатындарға наразылығын білдірді. Ол көпшілік арасында жиі қолданылатын «жартыбас» сөзіне қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желіде жариялаған жазбасында ол адамдардың өзгенің денсаулығы мен сыртқы ерекшеліктерін мазақ етуін сынға алды. Әсіресе «жартыбас» деген сөзді жиі қолданатындарға жауап берді.

«Осы "жартыбас" деген сөзді жиі жазады адамдар. Сонда қалай? Бір қолы, аяғы, көзі жоқтарды да солай жарты қол, жарты аяқ деп алалай ма? Бұл не деген көргенсіздік?» – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол ешкімнің өзге адамды денсаулығына немесе физикалық ерекшелігіне қарап кемсітуге құқығы жоқ екенін атап өтті.

«Алла денсаулықпен сынамасын ешкімді. Және олай өзгені кемсітіп, мазақ қылуға ешкімнің құқы жоқ. Ешкім мүгедек, ауру, соқыр болам демейді, болғысы да келмейді», – деді ол.

Осылайша, Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желі қолданушыларын өзгенің намысына тиетін сөздерден аулақ болуға және адамдарға құрметпен қарауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкентте өткен концертінде болған жағдайды сынаған блогердің жазбасына п...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біз күн сайын бірдей жолмен жүреміз, дүкенге барамыз, сағатқа қараймыз, таныс иістерді сеземіз. Көп...