Атақты продюсер Қыдырәлі Болманов тележүргізуші Мая Бекбаеваның жаңа туындысы жайлы сөз етті, деп ха...
«Жылап қалдым»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды
ашық дереккөз
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағын еске алып, әсерлі жазба жариялады. Өнер иесінің естелігі оқырмандардың көңілін босатып, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Әнші мектеп кезіндегі ұмытылмас сәттерін еске алып, сол жылдардағы бір әжейдің бейнесі әлі күнге дейін жадында сақталғанын жеткізді.
«Оқушы кезімдегі көңілімдегі күнделік ақтарылып жатыр. Балалық шақтың әрбір естелігі жүрекке ерекше ыстық қой. Сол күндерге қайта оралғандай күй кешіп отырмын. Сол әжей менің мәңгілік бала бейнемде қалды. Уақыт өтсе де, жүректе сақталған естеліктер ешқашан ескірмейді екен», – деп жазды әнші.
Жазира Байырбекованың балалық шағына қатысты естелігі желі қолданушыларын да бейжай қалдырмаған. Көпшілік әншінің әңгімесін оқып, көздеріне жас алғанын жазған.
«Мен неге жылап отырмын?», «Көңілім бос адаммын, сіз айтқан әңгімеден сол орыс әже көз алдыма келді», «Кино көріп отырғандай болдым, жыладым. Көңілі бос адамдарды қатты түсінемін», – деп пікір қалдырды оқырмандар.
Осылайша өнер иесінің балалық шақ туралы жазбасы желіде көпшіліктің көңілін толқытып, оқырмандар да өз әсерлерімен бөлісті.