«Жошы ханды білмейтінбіз»: Қыдырәлі Болманов танымал жүргізушінің кітабына баға берді

Сурет: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
730

Атақты продюсер Қыдырәлі Болманов тележүргізуші Мая Бекбаеваның жаңа туындысы жайлы сөз етті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Мая Бекбаева «Жошы хан» туралы жинақ жасап, кітап жазды. Бұл туралы Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Өнер иесінің сөзінше, Мая Бекбаева бұған дейін «Ұлытау» тобы туралы шығарылым жасаған екен.

«Майя ханыммен Семей өңірінде, концертте танысқанымызда,он үштегі кішкентай ғана қыз бала болатын. Уақыт өте келе ,сол Майя кәсіби маманға айналып, мен туралы және жасаған жобаларым, мақсаттарым, Ұлытау тобы туралы, “Моя история” бағдарламасы, ең алғашқы және ең әсерлі деректі, қызық бағдарламаны Майя ханым түсіреді деп кім ойлаған. , “Голливуд”-қа қалай барғанымызды, 86-Мемлекеттің арасынан домбырамен, Құрманғазының “Адай” күйін ойнап, “Бас жүлдені” жеңіп алғанымызды айтып тұрып, жылап жіберген жерім бар. Сол жерді қиып тасташы, ер адамның жылағаны дұрыс емес ,-деп қайта-қайта айтып қоймаған соң, Майя,-жарайды жақсы деді де, бағдарлама шыққанда, сол қалпы қалдырыпты. Сол жері қалмағанда, әсерлі болуы да мүмкін емес еді. Сол жерге келгенде, бәрі есіме түсіп, енді көріп отырып, тағы қосыла жыладым. "Неге жыладыңыз?" -деген сұраққа, Аллаға шүкір еткенен. Әлем тарихында тұңғыш рет, дәстүрлі күй,күмбірлеген домбырамыз Амерканың мәдени жүрегі Голливудта 86-Мемлекеттің арасынан жарып шығып, “Гран-При” бас жүлдені, дәстүрлі дүниемізбен жеңіп алу, көк байрақ туымыздың орнына, киелі домбырамызды аспанға көтеріп, Ата-Бабаларыңның аманат дүниесін, Әлемнің алдында көтеруге жарағаныма, осы бақыт - менің маңдайыма жазылғанына, Аллаға сансыз мадақ айтып жыладым. Ондай Ұлтыңның қажетіне жараған кездегі бақы,-жан-дүниеңді тебірентіп, жыламақ түгілі, еңіресең де, ерсі емес екенін түсіндім. Тәуба! Соның бәрін дөп басып, еріксіз жылап жіберуге жеткізген, жүрегіңді жұмсарта білетін, Мая ханымның ерекше таланты деп білемін. Бүгінгі таңда, жақсы досым деп есептеймін. Қолымдағы өте ыңғайлы,керек ақпараттар ғана жазылған, өзі жинақтап шығарған “Жошы хан” кітабы,- құтты болсын! Шыңғысханның тұңғыш ұлы “Жошы хан”, Ұлытауда жерленген. ! Бала кезімізде мазардың қалың қабырғасының ішінде баспалдақ болатын. Сонымен үстіне шығатынбыз. Қайта түсетінбіз. Ойын баласымыз ғой, Жошыны білмейтінбіз сол кезде…», - деді Қыдырәлі Болманов.

ТАНЫМ

Бүгін белгілі этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлық иегері Ақселеу...

Заң

Астана қаласының тұрғыны әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы жалған мәлімет таратты...