Диас Аблаев: “Анам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аман қалды”

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
218

ҚР Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы, әнші Диас Аблаев анасының өмірі жайлы бұрын айтылмаған құпияны ашты, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kzтілшісіне сілтеме жасап.  

Бұл туралы ол журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатындабөлісті.

Диас Аблаев мансабындағы алғашқы ашық сұхбатында ата-анасы Нағима Есқалиева мен Александр Аблаевтың ажырасуы туралы естеліктерін бөлісті. 

"Мен ол кезде 3-4 жаста едім. Ешқандай жанжал, ұрыс есімде жоқ. Мен әкеммен бірге Свердловскіден келген кезіміз еді. Ол жақта оның әпкесі тұратын. Біз үйге келгенде босағада анам тұрды. Ол "болды" деді. Ал әкем кетіп қалды. Мен ештеңе түсінбедім. Қайтадан ойынға кірістім", - деді ол. 

Диас Аблаев ата-анасының ажырасуы оның өміріне қалай әсер еткені жайлы бөлісті.

"Мұның маған қаншалықты әсер еткенін кейін түсіндім. Бірақ мен олардың әлі де бір-бірімен сыйластықта екеніне ризамын. Жалпы, әкем бұл жағынан өте дипломатиялық адам. Оның әртүрлі әйелден үш баласы бар, бәріміз жақсы араласамыз", - деп қосты Есқалиеваның ұлы.

Диас сонымен қатар әйгілі анасының екінші некесінің қандай болғаны туралы тәптіштеп айтып берді. Нағима Есқалиеваның екінші экс-күйеуі қазір тірі емес болғандықтан, ол бұл тақырыпта көп сөйлемеуді жөн көрді.

"Ол жерде бәрі өте нашар еді. Мен мұның бәрін көрдім. Бірақ мен ештеңе істей алмайтын едім. Тек анама: "Анашым, тапқан күйеуіңіз осы ма?" дейтінмін. Олар мені әке деп атауға мәжбүрлейтін, бірақ мен олай айтпайтынмын. Бұл сондай қайғылы оқиға еді. Анам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аман қалды", - деді Диас. 

Сұхбат

Ұшақтағы ең қауіпсіз жер - құйрық бөлігі деген пікір бар. Көп саяхатшы дәл осы бөліктегі орындарды б...

Жаңалықтар

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азама...