Әлем әдебиетінің шыңында тұрған тың туындыларды қазақ тіліне аудару көп машақат пен қыруар қаражатты...
Шала қазақтар дұрыс сөздерді қалай бұзып айтып (жазып) жүр?
"Ескертпе емес, ескерту!". Ескерту: Сөздіктегі сөздерді оқығанда, тілдері бұзылмаған балалар, дұрыс сөздерді ғана оқып (дауыстап немесе іштей), ал бұзылған сөздерді тек көзбен қарап, олай істеу мүмкін болмаған жағдайда, көп қайталамауға тырысуы керек. Тілдеріне бұзылған сөздерді қалыптастырып алмауы үшін, бұл өте қажет.
Дұрыс сөздерді шала қазақтардың бұзып айтуы (жазуы)
1.Тұйық етістіктерді бұзып айтуы (жазуы):
Ескерту: Шала қазақтардың тілдерінде, осындай тұйық етістіктердің кейбіреуі, зат есімнің сөздеріне айналып кеткен. Мысалы: Ақша төлеу – төлем қабылдау. Төлем (не?)
2-ші бұзылған түрі.
Ескерту: Жалпы «тасымал» сөзі – қазақ тілінде бар сөз. Тек шала қазақтардың тілдерінде дұрыс қолданылмайды. Мысалы: қазақ тілінде «Ол жерде ішетін ауыз су жоқ. Суы тасымал» деп айтылады. Бірақ «Су тасымалы» деп айтылмайды. Суды тасиды, тасымалдайды, әкеледі, жеткізеді т.б.
Ал жолаушыларға қатысты «Жолаушылары тасымал» немесе «жолаушылар тасымалы» деп мүлде айтпайды. Бұл шала қазақтардың шала тілдері арқылы енген қате сөздер. Дұрысы: Жолаушыларды, жүктерді тасымалдау. (Тасиды).
- Бұйрықты жалқы етістіктерді бұзып айтуы (жазуы)
1-ші бұзылған түрі.
Ескерту: Істеу, жөндеу, тігу дейтін етістік сөздер бұлардың тілдерінде айтылмайды, ұмытылған. Бұл сөздердің орнына «жасау» сөзін қойып, тігуді де, жөндеуді де, істеуді де «жасау» деп айта береді.
Негізінде: Істейді (работает) – жасайды (делает)
Жөндейді (ремонтирует) – жасайды (делает)
Тігеді (шьет) – жасайды (делает)
Мағыналары жағынан бір – біріне сәйкес келмейтін сөздер.
(Есептеп шығару - есептеме жасау, сараптаудан өткізу - сараптама жасау т.б.)
2 - ші бұзылған түрі.
- Сұраулық етістік сөздерді бұзып айтуы:
2-ші бұзылған түрі.
Еркін Омардың "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік!" (4-бөлім) атты кітапшасынан алынған