Сұраған Рахметұлы. Отыздың оты

СӨЗДІҢ АТАСЫ
2403

Теңшеу

Оңды, солды жазып жатыр, бірақ сананың жаңғырып,істің оңалғаны аздау әзірше. Социализмнің бозаңды, сүргінді жолы, капитализмнің тозаңды қырғынды соқпағына бастайды. Тер төгіп, теперіш көрген жұрттың басына шыбыртқы үйіру көп!  Кейде өзімізді көргені айға барса да арылмайтын зардап, қайда барса да баяғы - «Қорқыттың көрінде...» жүрміз бе?- деп қаламыз... Қайтсін... Социализмнен көрген көрімдік, жел өтіндегі ерудегі елестің кері. Әлемжеліде оқыра тигендей одыраңдаған,киліккен көлденең «отандық» тролльдардың тұрпайы шимайы. 

Дүниеде қазақтан басқа мәңгүрт, әңгүдік,жалтақ, жақау, жағымпаз этнос жоқ секілді! 

Әлемжелі ең керемет сүзгі. Талмау жерімізге ұрса да таласымыз болмас та! Әрине қаймана халыққа жат емес хаһилыққа жақыны. Билікке шүйліккен сын мен пікірге орын көп. Ел жұрттың өзі сайлаған әндігер төбел «топ»-ын шықпыртуы заңды құбылыс. Алайда адамзаттың айналып өте алмайтын қасіреттерімен бүткіл ұлтты, ұлттық құндылықты түбегейлі жоққа шығаруға болмайтын басы ашық мәселелер бар. Әсіресе өткен екі жылды қамтыған індеттің зардабы да әжептәуір салмақты болды. Салмақтың құн батпаны девальвацияланып қарапайым жандардың бсаын әңкі-тәңкі етіп төбесіне құлап түсудің аз ғана алдында тұр. Өнеркәсіптік ахуал баяғы «мүлтіксіз» жүрісінен танып мүлдемге өзге бағдар,өңге жора жолға түсті. Ұлттық валютаны шетелдік валюталар желкелеп жатыр. Қаржының қоры түгеслуге тақау, валюта ағымы тапшыланды. Өндірістер, кәсіпкерлер, шаруашылық бірліктері атаулының есігін  күршектеп,іштен іліп алғандары да аз емес. Дағдарыстың табанына таптап өткендері тағы да алып нәубеттің тағаныны жаншылып қалатындай. Халықтың табысы қаптың түбіне түсті. Есесіне несие пайызы қолжетімсіз шырқады. 

Әлемдік экономика қал үстінде. Бүткіл елдердің кәсібі бұғатта. Ендеше Қазақты тұтастай сөгіп, тұрмастай кіналайтындай да қажеттілік тумаған секілді бүгін! Белгілі себептермен азық-түлік бағасы 12 пайызға өсті. Бұған бола алаңдаудың да алаңдамаудың да қажеті бола қоймас. Өліарадан ерте өттік пе әрһәм кеш қалдық!? Климаттың күрт жылынуына, Арқаның аязының күшеюіне қаймана қазақтың түк қатысы жоқ. Сол секілді сан мен цифрдің арасына қыстырылған бес әліптің кінасы не!? 

Халықаралық Валюта Қорының ақпараты бойынша Қазақстанда экономикалық өсім 3.3 пайыз. Өткен 2020 жылы имфляция (ақша дересі) 7,5 пайызға жеткен болса биыл 8,9 пайызға өрледі. 

Кептеліс

Экономикаға тиген ғаламдық кінаратты бүткіл ел, жұрт көріп отыр. 

Оны халықаралық атаумен «шоктағы тұрмыс» деп атайды. Қансыз соғыс, тұрпаты ақырзаманға ұқсас дағдарыстан кейін елдер аяғынан жылдам туралы дейтін іліми сенім оптимизм пайда болды. Дағдарыстың соңы топтасқан сұраныс пен ізденісті құрайды. Күйреген қоғам, тұралаған экономика тік тұруы мүмкін, қаз тұрып, тәлтіректеп, қайта құлап біршама уақыт өтер. 

Алайда бұрынағыдағы шикі затты экспортқа беріп, арзанқол тауарларды импортпен әкелетін қасаң дағдының енді қол болмайтыны белгілі болды. Әрине бұл елдің байлығын тек өз шикі зат күйінде сыртқа қарай тасымалдайтын үйрешікті көмше күйкілікте ұстағысы келетін ішкі, тысқы  оппалы факторларға тосқауыл қойылмайынша жағдай жақсарамайды. Девальвацияның екінші ұшы шарпып өтуі әбден мүмкін. Жуырдағы бір мөлшермен металургия өнімдерін экспорттайтын компаниялар 5 млн жарым тонна шикі өнімді экспортқа (жалпы экспорттың 77 пайызы) жөнелтіп қанша пайда көрді, қаншама зиян шекті!? Кім естіді, кім естімеді? Нақты есепті халыққа анық айтып отыруы керек еді!? Нарық көлеңкелі болған сайын елдің ашық өкіметке жарымауы заңды. Дағдарыстан кейін осының бәрі бір сотты сергіп,серпіледі деген үміт дендейді. 

Мұнай мен кен тіпті ет, тері, жүн-жұрқаның соңғы даяр өнім болуы көбейеді. Ақыры оның пайдасы зор, түсімі түгел келерін соқырға таяқ ұстатқандай әрекет екенін жаңа түсіндік. 

Енді тек қаржы қатынасына негізделген су жаңа маркетинг үлгісі өкімдік етеді. Өкіметке аса арқа сүйеп халықты сорып күнелтетін шаруашылық бірліктері болса - ол енді тарихта қалуы тиіс. Жұмыс орны тұрақты, жұмысшылары кәсіби төселген, қосымша штатты орындарды нығайта алатын кәсіп орындар өміршең. Жүз теңгемен баға қосып, он теңгемен арзандатқан болып алаңғасар әлеуметті алдап, арбап күн өткізетін тәсіл де келмеске кетер. Қауым түгелдей қатаң сынақ, өрескел өліаралық өткел, өткелектерден өтіп келеміз. Нарыққа былыққан өкімет халықты ұмыта бастады. 

Кеденнің өткелегінен өтіп жететін көптеген усақ түйек бұйымдарды мыйыңды ашытпай-ақ өзің жасап алатын жол да, пайда көзі де ашыла бастайды. 

Импортық тауарлар сабақты ине,қадақты түймеге дейін қатаң бақылауда болуымен қатар бұлтарыссыз орындалуы тиіс міндет. 

Әсіресе дәрі-дәрмек бизнесінен қисапсыз пайда табатын бәлен емфармдар мен азық-түлік өнімдерін енгізетіндерге ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан әр қадамына жауапкершілікпен қарау жағы қалай!? Дәрі~дәрмекпен келетін түрлі «тілсіз жау» қырылып өлер жайым жоқ,  лас әрі кінаратты тозған топыраққа егілген көкөністерден сақтанудың қырағы саясаты бар ма!? 

Соңғы бір ақпараттарда жаңа ғаламдық экономикалық жоспарға негізделген Қытайдан тауар импортын тасмалдаушы компаниялардың шығыны 170 млрд теңгеден асып жығылған... Қытай тарапы өзге елдерді өзіне тәуелді етудің сан түрлі тәсілдерін дәл осы ұрымтал сәтте қыздырып, өзгені сыздатып жіберетінін анғардық. Саудада достық жоқ! Рас!!! Алайда «Достық Алашанькоу» бекетінде қаншама тонналап жүк тиеген көліктер тығылып,сығылысып, созылып, үзіліп тұр!? Қорғаста қорғалаған тауарлар, өндіріске қат жабдықтар орнынан қозғалмайды. Тапсырыс тапжылмаса әріптестіктен не қайыр? Табыстың уақытын жеп өзіне ұпай жинайтын айдаһардың аузыда тұрмыз. Тек қана Өскемен конденсатор зауыты тапсырған 170 млн сомаға тең жабдықтардың буылып тұруының кесірі кімге тимек!? Бұл енді ілім білгесімен деформация (deformation) қазақшасы - «жуанның жіңішкеріп,жіңішкенің созылуы...». 

Құрылыс материалдарының бағасы 33 пайызға өссе де 2021 жылы 11 млн 597,5 шаршы метр алаңға тұрғын үйлер салынды. Жуық шамада құрылыс материалдарына да энергетикалық өнімдерге сұраныс артады. Осыны өз еліңде өндіретін толық мүмкіндіктер бар! АЭС саламыз дейді. Хош көрдік. Жабдықтарының жарым-жартысын отандық өнімнен алып, салуға әбден болады. Өзге елдерде өзің туралы айта бастады, ақырын!? 

Мысалы, ірі 7 елдің Сыртқы Істер министрлерінің 2021 жыл 11 желтоқсандағы басқосуында Ұлыбританияның Сыртқы Істер Министрі Лиз Трусс (Liz Truss); әлсіз елдер тәуелсіздігін қорғап қалу үшін Ресейдің энергетикасына тәуелді болмау керектігін де ескертті... 

Билікке қосалқы сүйенген кәсіпорындардың һәм компаниялардың көбі телі қозы секілді. Шығынын өкіметке өтетіп, халықты қарызға батыратын әсіре жаман үйренген жасанды кооператив, корпорациялар өркенге ұмтылған елдің етегіне оралып, жағасына жармасып ажырғы болумен жүр. Ғылыми негіздегі кәсіптік, бизнестік алтын ережемен емес жалған ақпар, қисынсыз қисап, барынша парақорлықпен шұғылданатыны тіпті мол. Берекетсіз, заңсыз жабайы базар орныға берсе: қандыауызды жыртқыштар ордасы, жалмауыздарға толы ми батпақ өткелдің ортасы шүңейтке жолығамыз... 

Мұнда кім күшті, қырағы, тәсілді болса солар ғана есен түгел межелі жеріне жүзіп жетеді. 

Тозаққа апарар жол

«Қарызға белшеден баттық...» дейді... Қарыз алмай дамысқа жеткен Норвегия секілді елдер бар әлемде. Несиенің құрбаны Нигериянің де соңынан лағып кеткендері біршама. Осыншама байлығы бар ел қарызға батса не жорық?! «Саптыаяққа ас құйып, сабына қарауыл қою...» ұят емес. Сақтану тура, несиемен үнемі қорқыту, үркіту де тым дұрыс дәріс емес. 

Қарызға қанын сорғызған елдер көп. Көбі Қытайға қарыз, байқаусыз, мәжбүрлікпен, кейде әдейі құрған қарыз қақпанына түсіп қалатын секілді. Қытай берген «Бір белдеу - бір жолдың» қақпаны. Дүниежүзіндегі 150 елді қамтыған 1,5 триллион доллардың қарызы. Соның ішінде 385 млрд долларға борышкер 42 мемлекет тізімде тұр. (Қытайдың бұ жобасына қарсы тұратын күш тек Еуро Одақта ғана бар секілді. Олар 340 миллиард АҚШ долларымен инвестиция тартуға жария етті.) 

Сонымен ең бірінші сапта Ресей 151 млрд~пен дастарқан басында жайғасқан. Соңынан Венсуэла, Ангола, Бразилия, Индонезия деп жалғаса береді. Қазақстанның үлесті борышы 9,7 млрд!? 

Қытайдың несие тұзағына түскендердің бірі түстіктегі Тәжік мемлекеті. 

Көне соғдылардың Тәзікі, қарлықтардың нағызы, салжұқтар мен оғыздардан сары ізінен қалған нар ізді, бағзы Қорасанның жұртындағы бейдауалар Тәжіктер! Алыстағы ахундардан ислам дәуіріне дейін пұт (будда б.з.б. 623-544) пен несториан (428-431), зоратуштра (б.з.д. 1500-1000) және христандардан өз сенімін, ұлтын сақтап қалған текті ұлт. 

ХІҮ ғ. Темірде, ХҮІ ғ. Бұқара әмірлігінде, патшалық Ресейдің бодауындағы 1929 жылға дейінгі Дюшанбе (Дүйсенбі), 1961 жылға дейінгі Сталинабад, бұдан жылдан кейінгі жаңа Дюшанбе. 

Тәжікстан 2011 жылдан Пәмір тауының бір жүлгесі Таулы Бадахшаннің 6420 ш. ш. аумағы 1500 шаршы шақырымын шет елге беретін қарызының бодауына бола Бейжіңге мәжбүрленді!? Қайдағы қаңқу сөздер басылар емес... Құдайы сақтар! 

Тәжіктің соңынан біршама «шабақ елдері» де тұзаққа түскен. Мысалы, оңтүстік Қытай теңізімен шектесетін Бруней-Даруссалам және сонау Африканың оңтүстік бөлігіндегі 2.5 млн жан саны бар Намибия, орталық Африканың Конго мемлекеті,Тынық мұхиттың оңтүстік батысындағы Папуа-Жаңа Гвиней қатарлы кішігірім елдер. Соңынан Малдив, Солом аралдары да борышкер. Черногория да Сербиямен астасатын күре жолды Қытайдың несиесімен салғызды. Ендігі олардың сорасы өз қыр арқасынан шығатыны аян. Өркені кемшін кепшік елдердің тағы біреуі Лаос. Үндіқытай түбегінің түп ортасына орналасқан Вьентьян. Жан саны 5,5 млн ғана. Жоғарғы қарқынды 1035 шақырым темір жол салғызамыз деп Chaina Railway Conpany Limited (LCRC) Қытайдың Exim bank-ден алған қарызы 5,9 млрд доллар. Несиені өтей алмағандықтан өз электр жүйесінің 600 млн долларға тең бөлігін 40 жылға жалға беруге мәжбүр. Лаостың аумағы арқылы өтіп,  Вьетнамнің Күньмині одан әрі Тайландға жететін шойын жолдың заңды қожасы енді Қытай. Унитарлы мемлекет Лаос ұлттық «кипі»-мен кассада билет сатуға да қақысы жоқ қалды!? Оңтүстік Азиядағы Цейлон аралына орналасқан Шри-Ланка елі де Қытай несиесіне оңбай ұрынды. Әйгілі «Хамбантота» теңіз айлағын 99 жылға жалға ұсынды. 

Пәкістан 60 млрд долларға жол салу үшін несие өтеуі қиынға соқты да өзінің ең күшті стратегиялық Гвадар (Gwadar) айлағын (порт) Қытайға 40 жылға жалға беруге мәжбүр болды. 

Халық көнбістікке әбден көндікті. Жабайы капитализмнің қылығына да еті үйренді. Қайта айланып келмейтін қайран отыз! 

Сұраған Рахметұлы,

ақын

author

Сұраған Рахметұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...